Филолог түлегігінің моделі: құзыреттікке негізген тәсілдер
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2023-2-62-72Кілт сөздер:
бітіруші педагог-филолог құзырет үлгісі, құзыреттілік моделі, жалпы мәдени құзыреттіліктер, кәсіби құзыреттіліктер, зерттеушілік құзыреттіліктер, коммуникативтік құзыреттіліктерАңдатпа
Бұл мақалада түлектің құзыреттілік моделі қарастырылады, оның негізінде субъектінің алған білімдерін, дағдылары мен жеке қасиеттерін қолдануға дайындығы жатыр. Жұмыстың мақсаты-педагогикалық университеттің филолог түлегі болуы керек құзыреттерді анықтау. Авторлар өз таңдауында салалық құзыреттілік шеңбері, "Педагог" кәсіптік стандарты ("Мұғалім" карточкасы), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты сияқты Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына негізделеді. Мақаланың зерттеу материалы "құзырет" және "құзыреттілік" сияқты ұғымдар таңдалды. Ю. Кострова, О. Ульянина, т.б. еңбектерінде ұсынылған анықтамалар қарастырылды. Осы анықтамаларды талдай отырып, авторлар құзыреттілік дегеніміз-субъектінің білімін, білігін және дағдыларын анықтауға мүмкіндік беретін құзыреттер жиынтығы деген қорытындыға келді. Филолог түлегінің құзыреттілік моделін құру үшін келесі құзыреттер топтары бөлінді: жалпы мәдени, кәсіби, зерттеу, коммуникативті.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2023 Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en