ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ «АҚСАҚ ҚҰЛАН» ӨЛЕҢІН СЕМИОТИКАЛЫҚ ОҚУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-2-39-55

Кілт сөздер:

Олжас Сүлейменов, ақсақ құлан, гипермәдениет, аллюзия, трансмәдениеттілік, мәдени-семиотикалық тәсіл

Аңдатпа

Мақала тақырыбын таңдау шарты ол  қазіргі  кездегі  поэтикалық мәтіндерді зерттеуге деген лингвистикалық теориялар тұрғысынан  қызығушылықтың артуына байланысты, поэтикалық мәтінді шексіз код ретінде қарастырады. Поэтикалық мәтінді семиотизациялау мәдениетті семиотизациялаудың элементі болғандықтан, белгілер туралы ғылым тұрғысынан Қазақстанның трансмәдени ақындарының шығармашылығын зерттеу өзекті болып табылады. Бұл  мақалада Олжас Сүлейменовтің "Ақсақ құлан"өлеңінің семиотикалық аспектісі қарастырылады. Авторлар Е. М. Пальванова және Ю. Лотман толықтырған әдістемесінің негізінде жасалған поэтикалық мәтінді семиотикалық талдаудың өзіндік алгоритмін ұсынады. Авторлық идеяны берудің негізгі әдісі – тұспалдауға көп көңіл бөлінеді. Өлеңдегі тұспалдаулар гипер белгілер ретінде қарастырылады, олар мағыналар мен белгілердің күрделі семиотикалық тізбектері болып табылады. "Ақсақ құлан" шығармасының интертекстуалдылығы, оның тек ауызша ғана емес, басқа да өнер түрлерімен (музыка, би) байланысы зерттеледі. Сондай-ақ, Сүлейменовтің әлемнің жалпы тілдік және поэтикалық бейнесіндегі "Ақсақ құлан" белгісінің орнын анықтау мақсатында өлең мәтініндегі басым тілдік белгілерге компоненттік талдау жүргізілді. Сонымен қатар, мәдени-семиотикалық тәсіл талданатын өлеңнің ішкі және сыртқы мәтіндік деңгейлерінде кездесетін трансмәдени көріністерді зерттеуге мүмкіндік берді.

78 | 18

Загрузки

Жарияланды

14.06.2024

Как цитировать

[1]
Дерунова, Е. and Темірғазина, З. 2024. ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ «АҚСАҚ ҚҰЛАН» ӨЛЕҢІН СЕМИОТИКАЛЫҚ ОҚУ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі. 2 (Jun. 2024), 39–55. DOI:https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-2-39-55.

Журналдың саны

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары