ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2023-3-92-100Кілт сөздер:
оқыту әдістемесі, сөйлесім, сөйлесім әрекетінің түрлері, тыңдау, тілдік дағдыАңдатпа
Ғылыми мақала қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы өзара түсіністік пен толеранттылық қарым-қатынастардың аса маңызды басымдығы болып табылатын
көпұлтты мемлекет болып табылады. Мемлекетіміздің ұстанып отырған саясатына сай мемлекеттік тілді білудің өзектілігі артып келеді. Өйткені өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тіл-қазақ тілін білу білімді, мансаптық мүмкіндіктерді, дағдыларды, көптеген адамдармен қарым-қатынасты кеңейтуге көмектесетіні белгілі. Алайда, кез-келген тілді үйрену процесін оңай деп атауға болмайды, әсіресе ол ана тілінен мүлдем өзгеше болған кезде. Сондықтан ғылыми мақалада өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуы, қазақ тілін үйретудегі сөйлесім әрекеті мен сөйлесім әрекетінің түрлері қарастырылады. Сөйлеуді дамытудың ең маңызды аспектісі сөйлеу әрекетінің түрлерін үйрету екендігі, қазақ тілі сабақтарында тиімді тыңдау төрт түрлі қабілетті (есту , ойлау, түсіндіру, есте сақта қабілеттерін) қамтитыны және тыңдаудың (ғаламдық тыңдау, егжей-тегжейлі тыңдау, сын тұрғысынан тыңдау) түрлері туралы ғылыми тұжырымдар келтіріледі. Әдіскер-ғалымдардың барлығы да сөйлесім әрекеті мен оның түрлерінің жеке
тұлға мен қоғамды дамыту, жетілдіру жолындағы құндылығы мен маңыздылығын көрсететіндігі және оған үнемі ғылыми назар аударып, дамыту қажеттігін айтқаны тұжырымдалады.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2023 Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en