МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДІНИ АНТРОПОНИМДЕР
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2023-3-9-21Аңдатпа
Мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының көркем туындыларындағы діни антропонимдердің мәтін қызметіндегі атқаратын рөлі қарастырылған. Мәшһүр шығармаларындағы діни поэтонимия, әсіресе пайғамбарлар есімдерінің белгілі бір ақпараттың элементтерін, олардың өмірінің қандай да бір дәуірінің бейнесі, әрекеті сипатталған, танымдық тұрғыдан ерекшеліктері ашылған. Діни дастандарда автор ғасырлар бойы қалыптасқан халық ертегілерінің дәстүрін көркем жазба әдебиет деңгейіне көтерді. Сондықтан да Мәшһүр Жүсіп туындылары діни терминологияны қамтитын діни-философиялық ойлардың тікелей көзі іспетті. Осы тұрғыда теориялық және көркем әдеби еңбектерге сараптама жасалады және ғалымдардың теориялық тұжырымдары беріледі. Діни поэтонимдер әр түрлі себептерге байланысты құпиялық сипатқа ие болады. Діни есімдерді шығармаларынан қарастыру арқылы шығарма авторының жеке танымын, оның ойларының көркемдік мазмұнын анықтай аламыз. Осы орайда, Мәшһүр поэзиясында діни поэтонимияны пайдалану маңызды және бұл топта ерекше орын алатын онимдер – пайғамбарлар есімдері.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2023 Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en