Ашық қолжетімділік саясаты
«Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі» журналы ашық қолжетімді басылым болып табылады, яғни оның барлық контенті жеке тұлға немесе ұйым болсын, кез келген пайдаланушы үшін қолжетімді (Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы).
Оқырмандарға барлық жарияланған қолжазбалардың толық мәтінін оқуға, жүктеуге, таратуға, көшіруге, басып шығаруға және сілтеме жасауға немесе оларды баспагердің немесе автордың алдын ала рұқсатынсыз кез келген басқа заңды мақсатта пайдалануға рұқсат етіледі. Автор(лар) журналдың баспагеріне мақаланы тегін жариялауға және оны Интернет желісінде жалпыға қолжетімді етуге құқық береді. Редакторлар осы ережелерді Будапешттің ашық қолжетімділік бастамасының талаптарына сәйкес ұстанады (2002).