Жарияланым этикасы

«Til žäne ädebiet: teoriyȃsy men täžìribesì» / «Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі» / «Язык и литература: теория и практика» / «Language and Literature: Theory and Practice» журналының редакциялық саясаты Жарияланымдық этика жөніндегі комитеттің журнал редакторларына арналған ғылыми жарияланымдар этикасының қағидаттары көрсетілген нұсқаулығында баяндалған ғылыми мерзімді басылымдардың дәстүрлі этикалық қағидаттарына негізделеді (Committee on Publication Ethics: COPE: https://publicationethics.org/).

Мақаланы журналда жариялау үшін ұсына отырып, автор ұсынылған мақаланың басқа ғылыми басылымда жариялауға қарастырылып жатпағанына кепілдік береді. Автор пайдаланылған және/немесе дәйексөз ретінде алынған барлық мәтіндерді, кестелерді, сызбаларды, диаграммаларды және суреттерді дұрыс рәсімдеуге міндетті. Өзге авторлардың мәтінін пайдалануға, дәйексөздерді авторын көрсетпей келтіруге, басқа зерттеулердің нәтижелерін өзгертуге, плагиаттың кез келген түріне жол берілмейді. Генеративті ЖИ-ні (жасанды интеллектіні) мақалаларда пайдалану тиісті қағидалармен реттеледі (https://yazlit.ppu.edu.kz/index.php/new/use_ai). Мәтіннің дәйектілік деңгейі кемінде 75% болуы тиіс. Плагиат анықталған жағдайда редакция мақаланы қабылдамауға және авторға өзге мақаланы ұсынудан бас тартуға құқылы.

Авторлар редакторлар мен рецензенттердің жұмысына құрметпен және түсіністікпен қарап, көрсетілген кемшіліктерді уақтылы жоюға міндетті.