Р. ЖҰМАНОВАНЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІНІНДЕГІ СУБСТАНДАРТТЫҚ ЛЕКСИКА
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-4-50-62Кілт сөздер:
субстандарттық лексика, Қазақстанның қазіргі заман поэзиясы, Р. Жұманова, коллоквиализм, жаргон, аргоАңдатпа
Мақалада Қазақстанның қазіргі заманғы поэзиясында
субстандарттық лексиканы іске асыруы қарастырылады. Зерттеу ақын, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Рена Жұманованың поэтикалық мәтінінің материалында жүргізіледі. Қойылған міндеттерге сәйкес мәтінде субстандарттық лексикаға қатысты лексика-стилистикалық қабаттар анықталды. Лексикалық бірліктерінің саралауы лексикографиялық дереккөздерде пайдаланылатын функционалдық, экспрессивтік және әлеуметтік сипаттағы шектеуші таңбалар жүйесіне негізделеді. Коллоквиалдық лексиканы мазмұнды жүйелеу нәтижесінде авторлық мәтінде пайдаланылатын шоғырланған коллоквиализмдер негізіндегі тақырыптық салалар бөлінді. Тілдік элементтердің семантикалық талдауы теріс эмоциялық-бағалау коннотациясы бар лексемалардың басым болуын анықтады.
Жұманованың мәтінінде пайдаланылатын социолекттік сөйленісті талдау кезінде квантитативтік әдісті пайдалану арго лексикасына қатысты жаргонизмнің
артықшылығын анықтауға мүмкіндік берді. Талдау кезінде әлеуметтік-мәдени контексті пайдалану қарастырылып отырған мәтінде әдеби нормалардың бұзылуы мен автордың наразылық азаматтық позициясы арасындағы корреляцияны байқауға
мүмкіндік береді. Р.Қ. Жұманованың поэзиясындағы әртүрлі стильдік лексиканың тоғысуы авторлық стильдің маңызды құрамдас бөлігі екені анықталды.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2024 Ж.Н. Жунусова, Ж.Б. Селиверстова, Жанар Джамбаева
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en