Редакциялық саясат

Редакциялық саясат

Редактордың міндеттері мен құқықтары

- жауапты хатшымен бірлесіп мақаланың рәсімделуінің Авторларға арналған нұсқауларға және Мақала үлгісіне сәйкестігін айқындау мақсатында бастапқы техникалық бақылауды жүзеге асырады және оны рецензиялауға жіберу мүмкіндігін анықтайды;

- техникалық талаптарға және антиплагиаттық тексеруге сәйкестігі бойынша бастапқы техникалық бақылаудан өткен мақалаға рецензенттерді айқындайды;

- рецензенттердің пікірлеріне сүйене отырып, редакция келіп түскен материалды жариялау немесе қабылдамау туралы түпкілікті шешім қабылдайды.

Өз шешімін қабылдау барысында бас редактор тек ғылыми өлшемдерге және баспалық стандарттарға сәйкестікке ғана басшылық етеді. Бас редактор мен редакцияның шешімі автордың немесе авторлар ұжымының жынысына, ұлтына, діни нанымына және өзге де жеке қасиеттеріне тәуелді болмауы тиіс.

Рецензенттердің міндеттері мен құқықтары

Рецензиялауға түскен әрбір қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылады. Рецензент өз жарияланымдарында рецензиялауға жіберілген қолжазбадағы материалдарды пайдалана алмайды. Рецензент материалды үшінші тұлғаларға тек бас редактордың рұқсатымен ғана жібере алады.

Басылымның рецензиялау саясатына сәйкес журналда екі реттік «соқыр» рецензиялау рәсімі қолданылады. Рецензиялау объектісі автор (авторлық ұжым) емес, алынған зерттеулердің нәтижелері болуы тиіс. Сараптамалық қорытынды автордың (авторлық ұжымның) жынысына, ұлтына, дініне және басқа да жеке қасиеттеріне байланысты болмауы тиіс.

Рецензент материалды рецензиялаудан бас тартуы керек, егер ол материал тақырыбы бойынша маман болмаса, егер ол мүдделер қақтығысын анықтаса, редакцияға хабарлауы керек.

Авторлар үшін

Журналға авторлар саны үштен аспайтын мақалалар қабылданады. Мақалаларды редакцияға жіберу және көпшілік офертасына қол қою жіберілген мақаланы «Til žäne ädebiet: teoriyȃsy men täžìribesì» / «Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі» / «Язык и литература: теория и практика» / «Language and Literature: Theory and Practice» журналында жариялау ешкімнің авторлық құқығын бұзбайтынын білдіреді. Автор(лар) журналдың интернет-сайтында нөмірлердің толық мәтінді желілік нұсқаларын орналастыру арқылы ғылыми мақаланы пайдалануға айрықша емес құқықтарды журналдың құрылтайшысына шектеусіз мерзімге береді.

Автор(лар) ғылыми мақалада зияткерлік меншік объектілерін, авторлық құқық объектілерін, сондай-ақ ЖИ-ні (жасанды интеллектіні) заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық көлемде жауапкершілік көтереді.

Автор(лар) туындыны плагиаттың бар-жоғына тексеру үшін журналдың баспагерлеріне келісім береді.

Авторлар Қазақстан Республикасының Ғылыми этиканың үлгілік қағидаларында (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035392) баяндалған ғылыми этика талаптарын және COPE (Committee on Publication Ethics) қағидаттарында көзделген жарияланымдық этика нормаларын сақтауға міндетті. Редакция мақалаларды рәсімдеу мәселелері, мақаланың мазмұны және мақалаларды жариялау туралы қабылданған шешім бойынша авторлармен пікірталас жүргізбейді.

Мақалаларды сараптамадан өткізу тәртібі

Редакцияға келіп түскен мақалалар міндетті түрде алғашқы кезеңде бастапқы техникалық бақылаудан өтеді, оның барысында мақаланың рәсімделуінің Нұсқаулықта (https://yazlit.ppu.edu.kz/index.php/new/guidelines-for-authors) және сайтта орналастырылған Мақала үлгісінде көрсетілген талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Мақаланың рәсімделуі журнал талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мақала қабылданбайды. Мақаланы журналдың техникалық талаптарына сәйкес рәсімдеу автор(лар)дың міндеті болып табылады, ал редакция қажетті талаптар туралы ақпаратты және мақаланы рәсімдеу үлгісін ғана ұсынады және сараптаманың алғашқы кезеңінде техникалық бақылауды жүзеге асырады. Егер автор(лар) бастапқы техникалық бақылаудан үш рет өтпесе, мақала түпкілікті түрде қабылданбайды және журналда қайта қарауға жіберілмейді.

Екінші кезеңде мақалалар міндетті түрде antiplagiat.com (https://antiplagiat.com/) жүйесі арқылы тексеруден өтеді, мақаланың түпнұсқалылық деңгейі 75 %-дан кем болмауы тиіс.

Бастапқы техникалық бақылаудан және плагиатқа тексеруден өткеннен кейін мақалалар анонимді екi реттік «соқыр» рецензиялауға жіберіледі.

Мақалаларды сараптау кезеңдерінен өткізу үдерісі ашық болып табылады, автор журналдың сайтындағы жеке кабинетінде осы үдерістің барысын қадағалап, сол арқылы редакциямен байланыс орната алады. Автор белгіленген мерзімдерде мақаланың техникалық бақылауына қатысты редакцияның сұраулары мен ескертулеріне, сондай-ақ редакция автордың жеке кабинеті арқылы жолдайтын рецензенттердің ескертулеріне уақтылы жауап беруге міндетті. Егер автор бір ай ішінде жеке кабинет арқылы редакцияның сұрауларына жауап бермесе, редакция мақаланы түпкілікті түрде қабылдамауға және оны журналға қайта ұсынуға жол бермеуге құқылы. Мақаланы жариялауға қабылдау жылдамдығы авторлардың редакция мен рецензенттердің ескертулеріне уақтылы жауап беруіне және мақаланы түзету мерзімдеріне байланысты болады.

Рецензиялау тәртібі

Редакцияға келіп түскен мақалалар екi реттік «соқыр» рецензиялау рәсімінен өтеді. Рецензиялау үдерісі рецензенттер мен авторлар үшін жабық болып табылады. Автор(лар) рецензиялау нәтижелері туралы жеке кабинет арқылы хабардар етіледі. Оң рецензия алған мақалалар журнал редакциясының талқылауына ұсынылады. Теріс рецензия алған мақалалар қайта қарауға қабылданбайды. Рецензент мақалаға түзетулер енгізу қажеттігін көрсеткен жағдайда, автор редакция белгілеген мерзімде мақаланы түзетіп, жаңартылған материалды редакцияға жолдауы тиіс. Мақаланың түзетілген нұсқалары және автордың рецензентке берген жауабы редакция белгілеген мерзімдерде журнал сайтындағы автордың жеке кабинеті арқылы редакцияға жіберіледі.

Материалдарды редакцияға жолдау автордың өз мақаласын журналда жариялауға толық келісімін білдіреді.

Ашық қолжетімділік саясаты

«Til žäne ädebiet: teoriyȃsy men täžìribesì» / «Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі» / «Язык и литература: теория и практика» / «Language and Literature: Theory and Practice» журналы ашық қолжетімді басылым болып табылады, яғни оның барлық контенті кез келген пайдаланушыға, жеке тұлғаға да, ұйымға да еркін қолжетімді (Creative Commons Attribution–NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы).

Оқырмандарға жарияланған барлық қолжазбалардың толық мәтінін алдын ала баспагердің немесе автордың рұқсатынсыз оқуға, жүктеуге, таратуға, көшіруге, басып шығаруға, оларға сілтеме жасауға, сондай-ақ өзге де заңды мақсаттарда пайдалануға рұқсат етіледі. Автор(лар) журналдың баспагеріне мақаланы тегін жариялау және оны Интернет желісінде жалпыға қолжетімді ету құқығын береді. Редакторлар бұл қағидаларды Ашық қолжетімділік жөніндегі Будапешт бастамасының (2002 ж.) талаптарына сәйкес сақтайды.