Редакциялық саясат

Редакциялық саясаты

«Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі» журналының редакциялық саясаты жариялау этикасы жөніндегі комитеттің журнал редакторларына арналған ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулықта (Committee on Publication Ethics: COPE: https://publicationethics.org) баяндалған ғылыми мерзімді басылымдардың дәстүрлі этикалық принциптеріне бағдарланады.

Редактордың міндеттері мен құқықтары:

  • техникалық талаптарға сәйкестігі бойынша бастапқы іріктеуден өткен әрбір келіп түскен мақалаға рецензенттерді анықтайды.
  • редакциялық алқа отырысында рецензенттердің пікірлері негізінде түскен материалды жариялау/ қабылдамау туралы түпкілікті шешім қабылдайды.

Өз шешімінде бас редактор тек ғылыми ойларды және баспа стандарттарына сәйкестікті басшылыққа алады. Бас редактордың және редакциялық алқаның шешімі автордың (авторлық ұжымның) жынысына, ұлтына, дініне және басқа да жеке қасиеттеріне байланысты болмауы тиіс.

Рецензенттердің міндеттері мен құқықтары:

Рецензиялауға түскен әрбір қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылады. Рецензент өз жарияланымдарында рецензиялауға жіберілген қолжазбадағы материалдарды пайдалана алмайды. Рецензент материалды үшінші тұлғаларға тек бас редактордың рұқсатымен ғана жібере алады.

Басылымның рецензиялау саясатына сәйкес журналда біржақты «соқыр» рецензиялау рәсімі қолданылады. Рецензиялау объектісі автор (авторлық ұжым) емес, алынған зерттеулердің нәтижелері болуы тиіс. Сараптамалық қорытынды автордың (авторлық ұжымның) жынысына, ұлтына, дініне және басқа да жеке қасиеттеріне байланысты болмауы тиіс.

Рецензент материалды рецензиялаудан бас тартуы керек, егер ол материал тақырыбы бойынша маман болмаса, егер ол мүдделер қақтығысын анықтаса, редакцияға хабарлауы керек.

Авторлар үшін:

Мақалаларды редакцияға жіберу және көпшілік офертасына қол қою жіберілген мақаланы «Тіл және әдебиет: теория және практика» журналында жариялау ешкімнің авторлық құқығын бұзбайтынын білдіреді. Автор (авторлар) журналдың Интернет-сайтында нөмірлердің толық мәтінді желілік нұсқаларын орналастыру арқылы ғылыми мақаланы пайдалануға айрықша емес құқықтарды журналдың құрылтайшысына шектеусіз мерзімге береді.

Автор (авторлар) ғылыми мақалада зияткерлік меншік объектілерін, авторлық құқық объектілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық көлемде заңсыз пайдаланғаны үшін жауапты болады.

Автор (авторлар) шығарманы журнал баспагерлеріне плагиат тұрғысынан тексеруге келісім береді.