Біз туралы

«Til žäne ädebiet: teoriyȃsy men täžìribesì» / «Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі» – бұл қазақ тілі мен әдебиетінің басқа тілдермен және әдебиеттермен өзара байланысын, кросс-мәдени және салыстырмалы аспектілерін зерттеуге арналған халықаралық рецензияланатын ғылыми журнал. Журналдың қолданбалы бағыттылығы тілдерді (қазақ, ағылшын және т.б.) және әдебиетті мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқытуға қатысты түрлі мәселелерге, мәдениетаралық коммуникация мен жалпы сөйлеу қатынасына басым назар аударуынан көрінеді. Осыған байланысты журнал ғылыми қауымдастықпен қатар педагогикалық қауымдастыққа да бағдарланған.

Журнал өзінің плюралистік бірегейлігімен ерекшеленеді және тіл, әдебиет, фольклор салаларындағы кросс-мәдени зерттеулерде, тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесінде әртүрлі көзқарастарды ұсынатын ғалымдар үшін ашық алаң ұсынады. Журнал ортақ қызығушылық тудыратын мәселелерді, атап айтқанда тіл жүйесін, семантика мен прагматиканы, гендер мәселелерін, дискурсты, трансмәдениеттік сипатты және мәдениетаралық коммуникацияны зерттеуге бағытталған. Журнал халықаралық академиялық қауымдастықты қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныстыруға әрі қазақстандық ғалым-филологтардың жаңа зерттеулерін танымал етуге ұмтылады.

Журналда екі негізгі бөлім бар: «Тіл білімі және әдебиеттану», «Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі», сондай-ақ қосымша «Рецензиялар» және «Хроника. Оқиғалар. Тұлғалар» бөлімдері қарастырылған.

Журналда жарияланатын мақалалар екі реттік «соқыр» рецензиялау рәсімінен және антиплагиаттық тексеруден өтеді, мақаладағы түпнұсқалық деңгейі кемінде 75% болуы тиіс. Рецензиялау үдерісі 2 айдан 6 айға дейінгі мерзімді қамтиды.

Әрбір авторлық мақалаға DOI – CrossRef деректер қорында тіркелетін цифрлық объектінің сәйкестендіргіші міндетті түрде беріледі.

Журнал индекстелген:

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы (МҒТБО) АҚ Қазақстандық дәйексөз базасында (KazBC). 19.08.2021 № 49 келісім.

2024 жылдың 16 наурызынан бастап журнал ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған «Журналдардың тізіміне» енгізілді.

Журнал сондай-ақ орналастырылған:

INDEX COPERNICUS INTERNATIONAL халықаралық деректер базасында (https://journals.indexcopernicus.com/search/details?id=128661);

ELIBRARY.RU ғылыми электронды кітапханасында ашық қолжетімділікте (https://www.elibrary.ru/title_about_new.asp?id=80951). № 94-04/2023 лицензиялық шарт 24.04.2023 ж.