МҰҒАЛІМ ЖӘНЕ ОҚУШЫ ТІЛДІК ТҰЛҒА РЕТІНДЕ
Мектептегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2023-3-80-91Кілт сөздер:
тілдік тұлға, сөйлеу әрекеті, мұғалім, оқушы, құзыреттілік, коммуникативті қабілеттер.Аңдатпа
Мақалада тілдік тұлға ұғымы туралы жан-жақты қарастырылады. Зерттеуші ғалымдардың енгізген жүйелік модель түрі ұсынылып, тілдік тұлға белгілі бір мәндерді білдірудің ұғымдары, идеялары, тұжырымдамалары ретінде, сондай-ақ мақсаттарды, уәждерді, мүдделерді қамтитын прагматикалық ниеті ретінде тұжырымдалады.Мұғалім – сөйлеу мәдениетінің элиталы және орташа әдеби түрінің тасымалдаушысы. Осыған байланысты мақалада О. Б. Сиротининаның «сөйлеу мәдениетінің элиталық түрі» бойынша түсінік берілген. Сондай-ақ, мұғалімнің анықтамалық коммуникативті тұлғасының бірнеше коммуникативті қабілеттері де ұсынылған. Оқушының тілдік тұлғасы сөйлеу әрекетін жүзеге асыру үшін құзыреттілік жиынтығына тілдік, сөйлеу, коммуникативті, әлеуметтік-мәдени және белсенділік түрлері жататыны туралы сөз қозғалған. Бұл құзыреттер мектеп бағдарламасымен анықталатыны келтірілген мысалдармен көрсетілген. Мектептегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынасында мұғалім пікірінің маңыздылығы ескеріліп, негізгі прецеденттік құбылыстарға оқушылардың мінез-құлық ережелері, әйгілі балалар кітаптарының мәтіндері, танымал фильмдер мен мультфильмдер, жарнамалар, балалар әндері мен хиттер жататыны да анғарылған. Оқушының тілдік тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін бірнеше фактор келтірілген. Ең бастысы, мұғалімнің міндеті – оқушыларға кәсіби түрде көмектесу, тілдік тұлғасының жоғары түріне назар аудару.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2023 Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en