Хафиз жəне оның шығармашылығының қазақ əдебиетіндегі көрінісі

Авторлар

  • С. Сүтжанов Павлодар педагогикалық университеті
  • С. Кибатова Павлодар педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0001-8319-6907

Кілт сөздер:

қазақ-парсы əдебиеті, əдеби байланыстар, сопылық əдебиет, ғазалдар, рухани үндестік

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар Хафиз шығармашылығына тоқталумен қатар,
ақынның заманына жəне оның сөз шебері ретінде қалыптасып, толысуына əсер еткен
факторларға талдау жасайды. Саяси тұрақсыздық, əлеуметтік қиындықтар, рухани
күйзелістер кезінде дүниеге келген Хафиздің жырлары парсы əдебиетін жоғары дəрежеге
жетелегенін баяндайды. Сонымен қатар мақаладан Хафиз ғазалдарының тақырыптары
мен мазмұны, өзіндік сөз қолданыстары бойынша ақпарат алуға болады. Ақын сопылық
бағытта ғана емес, саяси-əлеуметтік мəселелерден бастап, ғашықтық лирикаға
да қалам тербегені сөз етіледі. Еуропа мойындаған Хафиздің шығармашылығының
қазақ даласына жетуі туралы да ақпарат берілген. Парсы мен қазақ əдебиеті байланыстарына қатысты зерттеулер жүргізген бірқатар ғалымдардың жұмыстарына сүйене
отырып, Хафизді қазақ жатырқамай қабылдауындағы Шəкəрімнің шеберлігіне, екі ел
арасындағы үндестіктердің терең тамырларына тоқталады. Ə. Жəмішев аудармалары бойынша да қорытындылар келтіреді. Мақалада авторлар Хафиз шығармашылығы
негізінде қазақ пен парсы əдебиетінің рухани үндестіктерін көрсете отырып, болашақ
зерттеулердің бағдарларын анықтауға талпыныс жасайды.

Автор өмірбаяндары

С. Сүтжанов, Павлодар педагогикалық университеті

филология ғылымдарының докторы, профессор

С. Кибатова, Павлодар педагогикалық университеті

магистрант

97 | 70

Загрузки

Жарияланды

20.04.2022

Как цитировать

[1]
Сүтжанов, С. and Кибатова, С. 2022. Хафиз жəне оның шығармашылығының қазақ əдебиетіндегі көрінісі. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі. 1 (Apr. 2022), 19–28.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары