Хафиз жəне оның шығармашылығының қазақ əдебиетіндегі көрінісі

Авторы

  • С. Сутжанов Павлодарский педагогический университет
  • С. Кибатова Павлодарский педагогический университет https://orcid.org/0000-0001-8319-6907

Ключевые слова:

қазақ-парсы əдебиеті, əдеби байланыстар, сопылық əдебиет, ғазалдар, рухани үндестік

Аннотация

Бұл мақалада авторлар Хафиз шығармашылығына тоқталумен қатар,
ақынның заманына жəне оның сөз шебері ретінде қалыптасып, толысуына əсер еткен
факторларға талдау жасайды. Саяси тұрақсыздық, əлеуметтік қиындықтар, рухани
күйзелістер кезінде дүниеге келген Хафиздің жырлары парсы əдебиетін жоғары дəрежеге
жетелегенін баяндайды. Сонымен қатар мақаладан Хафиз ғазалдарының тақырыптары
мен мазмұны, өзіндік сөз қолданыстары бойынша ақпарат алуға болады. Ақын сопылық
бағытта ғана емес, саяси-əлеуметтік мəселелерден бастап, ғашықтық лирикаға
да қалам тербегені сөз етіледі. Еуропа мойындаған Хафиздің шығармашылығының
қазақ даласына жетуі туралы да ақпарат берілген. Парсы мен қазақ əдебиеті байланыстарына қатысты зерттеулер жүргізген бірқатар ғалымдардың жұмыстарына сүйене
отырып, Хафизді қазақ жатырқамай қабылдауындағы Шəкəрімнің шеберлігіне, екі ел
арасындағы үндестіктердің терең тамырларына тоқталады. Ə. Жəмішев аудармалары бойынша да қорытындылар келтіреді. Мақалада авторлар Хафиз шығармашылығы
негізінде қазақ пен парсы əдебиетінің рухани үндестіктерін көрсете отырып, болашақ
зерттеулердің бағдарларын анықтауға талпыныс жасайды.

Биографии авторов

С. Сутжанов, Павлодарский педагогический университет

доктор филологических наук, профессор

С. Кибатова, Павлодарский педагогический университет

магистрант

97 | 70

Загрузки

Опубликован

20.04.2022

Как цитировать

[1]
Сутжанов, С. и Кибатова, С. 2022. Хафиз жəне оның шығармашылығының қазақ əдебиетіндегі көрінісі. Язык и литература: теория и практика. 1 (апр. 2022), 19–28.