Прецеденттік мәтіндер материалы бойынша оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2022-3-81-98Кілт сөздер:
зерттеу дағдылары, жобалау қызметі, Урунтаева – Афонькина әдістемесі, эксперимент, прецеденттік мәтіндерАңдатпа
Мақалада жобалау жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылардың негізгі
зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Ғылыми жобалар мәселені
шешуде әдістер мен құралдарды таңдауда шығармашылық еркіндікпен, оларды таңдаудағы
өзгергіштікпен, жобаның түпкілікті нәтижесінің белгісіздігімен сипатталатын оқушылардың
зерттеу қызметінің түрлеріне байланысты. 9-сыныптарда жүргізілген эксперимент
жергілікті БАҚ-та жобалау қызметінің объектісі ретінде прецеденттік мәтіндерді пайдалану
оқушылардың зерттеуге деген қызығушылығы мен мүдделігін айтарлықтай арттыратынын
көрсетті. Эксперименттің қалыптастырушы кезеңінің нәтижелері оқушылардың зерттеу
қызметіне танымдық қызығушылықтарының даму деңгейінің жоғарылауын көрсетті: оң
динамика 25% құрады. Осылайша, Урунтаева – Афонькина әдістемесі бойынша жергілікті
БАҚ-тың прецеденттік мәтіндері негізінде тоғызыншы сынып оқушыларының зерттеу
дағдыларын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс нәтижесі оқушылардың жобалық
қызметін ұйымдастыру мұғалімнің тиімді құралы болып табылатынын көрсетеді деуге
мүмкіндік береді.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2022 Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en