САЯСИ ДИСКУРС: АНЫҚТАМАСЫ, ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Әсемгүл Өмірбек Павлодар педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2023-1-44-50

Кілт сөздер:

дискурс, саяси дискурс, лингвистика, экстралингвистика, грамматика

Аңдатпа

Мақалада саяси дискурс  мәселесі, оның қазіргі әлеуметтік-мәдени тәжірибеге әсері талданады. Дискурс қолданыс аясына қарай бірнеше түрге бөлініп қарастырылады. Соның ішінде саяси дискурс ұғымы сараланып, кең және тар түсінігі сипатталады. Кең мағынасы саяси дискурс қатысушыларын анықтайтын және саяси коммуникацияның белгілі бір тақырыбын қалыптастыратын дискурсивті тәжірибелер мен белгілі бір паралингвистикалық контекстегі сөйлеу жұмыстарының жиынтығы, адресат немесе мазмұны саясат саласында болатын кез келген сөйлеу туралы білім. Ал тар мағынасы – саясатпен шектелген жанрлар класы. Саяси дискурс жайлы зерттеушілердің пікірлері сараланып, қолданыс аясы анықталды. Саяси дискурстың типологиясына талдау жасалды. Стилистикалық ерекшеліктерін зерттеу үшін саяси дискурстың жіктелуіне сүйене отырып, Германия канцлері А. Меркельдің 2015 жылдың басталуына арналған жаңа жылдық үндеуі алынды. Осы жерде саяси дискурстың бірнеше стилистикалық ерекшеліктері атап көрсетілді. Олар: лингвистикалық, экстралингвистикалық және грамматикалық. Әр түріне байланысты тілдік деректер келтірілді.

306 | 199

Загрузки

Жарияланды

13.02.2023

Как цитировать

[1]
Өмірбек, Ә. 2023. САЯСИ ДИСКУРС: АНЫҚТАМАСЫ, ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі. 1 (Feb. 2023), 44–50. DOI:https://doi.org/10.52301/2957-5567-2023-1-44-50.