АЛАШ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «ОТАН» АРХЕТИПІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ САНАНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-1-50-62

Кілт сөздер:

«Отан» архетипі, қасиетті орталық, алаш әдебиеті, трансформация, модель, ұлттық сана

Аңдатпа

Мақалада ел әдебиетіндегі «Отан» архетипінің ұлттық тарихи санадағы трансформациясы жан-жақты қарастырылады. Бұл архетиптің негізгі ұғымын қазақ әдебиеттануында түсіну үшін көшпелі космологияға және мәдени семиотикаға негізделген жергілікті поэтикалық мәтіндермен байланыстыра  зерттеу жүргізіледі. Мақалада «Отан» ұғымы  К.Г.Юнгтің «Ана» архетипімен ассоциаланатын кеңістік антропологиясы мен түркілік мифопоэтикалық дәстүрдің теориялық қағидалары негізінде үш құрамдас бөліктен тұратын құрылымдық модель ретінде жіктеледі.  Архетиптің құрылымдық моделіне талдау жасалып, axis mundi (қасиетті орталық) концептісінің өзгеру динамикасы интерпретацияланады. ХХ ғасырға дейінгі ел әдебиетіндегі әртүрлі кезеңінде Отан тақырыбының көрініс табу ерекшеліктері арқылы ұлттық ұжымдық бейсаналықтың  жеке тұлға санасында қайта жандануы қарастырылады. Зерттеу аясында архетиптік, мифопоэтикалық, дискурсивтік талдау әдістері негізінде ел әдебиетіндегі поэтикалық мәтіндердің  семиотикалық, мифологиялық, психологиялық қабаттарын жүйелі талдау арқылы ұлттық тарихи сананың модернизациялану кезеңіндегі трансформациялану механизмдерін тұжырымдауға ұмтылыстар жасалады. Алаш әдебиетіндегі «Отан» архетипінің ұлттық санадағы трансформациясын талдау бүгінгі әдеби теориялық парадигмалар арасында архетип теориясының мазмұнын кеңейтуге және оның әдебиеттегі қолданысы жөнінде маңызды зерттеулер мен тұжырымдамалар жасауға мүмкіндіктер береді.

Библиографические ссылки

Бабатайұлы, Д. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, мысал өлеңдер. Зерттеулер, пікірлер. – Алматы: Ана тілі, 2013. – 295 б.

Дулатұлы, М. Алты томдық шығармалар жинағы. Т. 1: Өлеңдер, роман, пьеса, әңгімелер / құраст. Г. Дулатова, С. Иманбаева. – Алматы: Мектеп, 2013. – 368 б.

Жолдасбеков, М. Асыл арналар: жеті томдық шығармалар жинағы. – Астана: Күлтегін, 2012. – 343 б.

Жұмабаев, М. Отты Аттила мен едім: өлеңдер. – Алматы: PS, Халықаралық Абай клубы, 2013. – 340 б.

Қалқаманұлы, Б. Ай, Абылай, Абылай! Толғаулар. – Алматы: Жалын, 1993. – 94 б., сур.

Луценко, Е. В. СК-анализ и система «Эйдос» в свете философии Платона // Политематический сетевой электронный научный журнал КубГАУ. 2009. № 45. Б. 155–165.

Мирзахметов, А. А. Архетип жəне көркем шығармашылықтағы «түпсана» // Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. 2021. № 2 (102). Б. 101–108. DOI: https://doi.org/10.31489/2021ph2/101-108

Мырзахметов, А. Ә. Архетип және көркем шығармашылықтағы «түпсана» // Мәдени мұра. 2021. № 2 (93). Б. 145–158. DOI: https://doi.org/10.47500/2021.v2.i2.14

Нар заман мен зар заман поэзиясы: Асанқайғыдан Әбубәкірге дейін: жыр-толғаулар / құраст. Е. Дүйсенбайұлы. – Алматы: Раритет, 2007. – 375 б.

Постникова, Е. Архетип «Родины-матери» в современном политическом дискурсе (А. Проханов vs Д. Быков) // Quaestio Rossica. 2018. № 4 (6). Б. 1174–1187.

Сарыарқа газеті. 1917–1919 жж. / құраст.: Ғ. Әнес, Т. Замзаева, А. Мырзағали. – Алматы: «Алашорда» қоғамдық қоры, 2023. – 806 б.

Серікбол, Қ. Гипербория: түс көрген заман шежіресі. – Алматы: Үш Қиян, 2003. – 592 б., карт., сұлба.

Сыздық, Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. – Алматы, 2009. – 272 б.

Элиаде, М. Священное и мирское / пер. с фр.; предисл. и коммент. Н. К. Гарбовского. – М.: Изд-во МГУ, 1994. – 144 с.

Юнг, К. Г. Человек и его символы / пер. И. Н. Сиренко, С. Н. Сиренко, Н. А. Сиренко. – М.: Медко С.Б., «Серебрянные нити», 2006. – 352 с

Demessinova, L., Iskakova, Z., Kazhybay, A., et al. The Home/Homeless Archetype in Modern Kazakh Literature // Forum for Linguistic Studies. 2025. 7(6). Б. 506–515. DOI: https://doi.org/10.30564/fls.v7i6.9942

Zharylgapov, Z., Syzdykova, B. The concept of archetype in literature and Jung's theories // Вестник Евразийского гуманитарного института. 2023. № 3. Б. 172–184. DOI: https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-3.12

0 | 0

Загрузки

Жарияланды

13.03.2026

Как цитировать

Жылқыбайұлы, Ж., & Тұрысбек, Р. (2026). АЛАШ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «ОТАН» АРХЕТИПІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ САНАНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі, 5(1), 50–62. https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-1-50-62

Журналдың саны

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ