ЖЫРАУ ПОЭЗИЯ ТІЛІНДЕГІ ҚАЗАҚТАР ӘЛЕМІН КОНЦЕПТУАЛИЗАЦИЯЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-2-76-93

Кілт сөздер:

концепт, ұлттық танымдық, жырау поэзиясы, лингвоконцептологиялық талдау

Аңдатпа

Қазақ жыраулар поэзиясы тілін қазақ мәдениеті аясындағы объективті шындық әмбебаптарының концептуалдану ерекшеліктерін анықтау тұрғысынан зерттеу лингвомәдениеттанушылар мен этнолингвистердің аса қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Аталмыш деректі саралай қарастыру ұлттық-мәдени концептілердің құрылымы мен мағыналық мазмұны туралы құнды ақпараттар береді. Зертттеу жұмысы мақалада қарастырылған концептілердің өзара байланысын дәлелдеп, қазақ әдебиетінің тұтас концептуалдық жүйесі жайлы түсінікті кеңейте түседі. Авторлар жыраулардың поэтикалық шығармаларында көрініс тапқан, қазақ халқының дүниетанымы арқылы түрленіп, ұлттық танымның басты элементіне айналған бірқатар әмбебап концептіні сараптап саралайды. Зерттеуде сипаттама әдіс, белгілі бір сөздердің қолданылу жиілігін анықтауда статикалық әдіс, танымдық модельдерді бөліп көрсетуде концептуалды талдау әдісі қолданылды. Талдау барысында алынған нәтижелер қазақ халқының мәдениетін, тарихын, ділін ашудың негізгі тетігіне айналады.

Мақаланың мақсаты – қазақ лингвомәдениетіндегі өмір мен өлім, отан, отбасы және т.б. маңызды концептілермен байланысты қазақ әлемінің ұлттық бейнесіндегі концептуалдық ұғымдарды зерделеу.

70 | 22

Загрузки

Жарияланды

14.06.2024

Как цитировать

[1]
Жаркынбекова, Ш., Бейсембаева, Г. and Заданова, Э. 2024. ЖЫРАУ ПОЭЗИЯ ТІЛІНДЕГІ ҚАЗАҚТАР ӘЛЕМІН КОНЦЕПТУАЛИЗАЦИЯЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі. 2 (Jun. 2024), 76–93. DOI:https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-2-76-93.

Журналдың саны

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ