ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ТІЛДІК САНАСЫНДАҒЫ ЕЛДІҢ БЕЙНЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-2-56-75

Кілт сөздер:

ел бейнесі, тілдік сана, қазақстандық жастар, ассоциативті эксперимент, когнитивтік үлгі

Аңдатпа

Мақалада қазақ жастарының Қазақстан бейнесін қабылдауы психолингвистикалық және когнитивтік-дискурсивті баға беру тұрғысынан қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі жаһанданудың кеңеюі мен елде болып жатқан әртүрлі ішкі және сыртқы үдерістер жағдайында жастардың құндылық бағдарын, олардың ұлттық-мәдени және тұлға ретінде бірегейлігін сақтау қабілетін зерттеу қажеттілігімен түсіндіріледі. Өйткені белсенді жастар тобы белгілі бір дәрежеде қоғамдық көңіл-күйдің көрсеткіші мен мәдени құндылықтарды тасымалдаушы ретінде маңызды орынға ие. Зерттеудің жаңашылдығы ел бейнесінің «Қазақстан» сөзі мен эссе мәтіндерінің қабылдануы арқылы жүргізілуден көрінеді. Зерттеу нәтижелері қазақстандық жастардың (осы мақаланың аясында авторлар студент жастарға назар аударған) өз еліне деген көзқарасын, өз елінің өмірлеріндегі маңызын анықтауға, болашақтағы жеке, кәсіби дамуын елімен байланыстыруға қаншалықты дайын екендерін бағалауға мүмкіндік береді. Жұмыста ассоциативті эксперимент деректері және ұсынылған тақырып бойынша студентердің жазған эсселері пайдаланылды. Деректерді талдауда ақпараттың сапалық, сандық және біріктірілген нәтижелерін алу үшін автоматты өңдеуге арналған MAXQDA бағдарламасы қолданылды. Зерттеу нәтижелері бойынша аталған ел туралы нақты бағалаулары мен айрықша көріністерді бейнелейтін когнитивтік үлгілер алынды.

63 | 6

Загрузки

Жарияланды

14.06.2024

Как цитировать

[1]
Жаркынбекова, Ш., Елюбаева, А. and Смагулова, Б. 2024. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ТІЛДІК САНАСЫНДАҒЫ ЕЛДІҢ БЕЙНЕСІ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі. 2 (Jun. 2024), 56–75. DOI:https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-2-56-75.

Журналдың саны

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ