ЕЖЕЛГІ ТҮРІКТЕРДІҢ ТӘУЕЛДІЛІК КАТЕГОРИЯСЫ ЖӘНЕ ПОСЕССИВТІ ОЙЛАУЫ (руникалық жазба ескерткіштерінің негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-2-9-27Кілт сөздер:
посессивтілік, ажырамайтын, праформа, синтетизм, аффикстер, аккультурациялық процестерАңдатпа
Ұсынылған мақалада ежелгі түркілердің посессивті ойлауының лингвистикалық және тарихи-философиялық негіздемесі және синтетикалық морфологиялық жолмен, яғни аффикстердің көмегімен құрылған түркі тілдеріндегі тәуелділік категориясы қарастырылған. Бұл аффикстер түркі халықтарының ортақ туынды сөз құралдарымен генетикалық жағынан сәйкес келгенімен, оларды басқа тілдерден ерекшелендіретін, ең алдымен, олардың ең көне дәуірдегі түркі дүниетанымына ғана тән «ажырамайтын» тиесілік қасиеттері бар. Бұл категорияны түсіну зерттеудің өзектілігін білдіреді. Сондықтан біздің зерттеуіміздің мақсаты: ежелгі түркі тілдерінде аффикстерде көрініс тапқан посессивті ойлау ерекшеліктерін және «ажырамайтын» иелену субъектісінің тұлғасы мен санын анықтау. Аффикстердің бұл ерекшелігі осы категорияның ерекшелігі болып табылады, ол тек посессивтіліктің мағынасын ғана емес, сонымен бірге түркі адамының ойлауындағы «мен» және «мен емес» посессивті сәйкестендіру нәтижесінде пайда болған сөздің кең мағынасында иелік етуді білдіреді. Біз түркі тілінің тәуелділік (посессивтілік) категориясын диахрондық тұрғыдан талдаймыз, бұл үшін салыстырмалы тарихи әдісті қолдандық. Грамматикалық рефлексияның арқасында пайда болған және барлық қазіргі түркі тілдерінде сақталған тәуелділік білдіру құралдарымен байланысты Ұлы дала көшпенділерінің дүниетанымының өзіндік ерекшелігі талданады. Таулы және Оңтүстік Алтай, Орхон-Енисей ескерткіштері мәтіндерінің руникалық жазуының эмпирикалық материалында ежелгі түркі тіліндегі посессивті аффикстердің пайда болу сипаты анықталды.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2024 Алина Андирова, Абай Каиржанов
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial» («Атрибуция — Некоммерческое использование») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en