ПОСТКЕҢЕСТІК ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ГЕНЕОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ЖАНРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-2-13-25

Кілт сөздер:

шежіре, шежірелік проза, генеологиялық дискурс, автофикшн, автоэтнография, қазақ прозасы, ұжымдық сана, ұлттық жад, қазақы таным, мәдени код.

Аңдатпа

Мақалада посткеңестік кезеңдегі қазақ прозасындағы шежіре дәстүрінің жанрлық трансформациясы қарастырылады. Зерттеу барысында гуманитарлық салалардың негізгі нысаны болып отырған шежіре ұғымы тарих, мәдениеттану, әдебиеттану аспектілерінде түрлі мағынада көрінеді. Мақалада қолданылған тарихи-поэтикалық, нарратологиялық, интерпретациялық, мәдени-семиотикалық талдау әдістері шежіре ұғымын әдебиеттану аспектісінде кешенді түрде талдауды жүзеге асырады. Қазіргі қазақ прозасындағы шежіренің жанрлық трансформациясы А.Кемелбаеваның прозасында қарастырылды. Зерттеудің негізгі мақсаты – шежіре дәстүрінің қазіргі посткеңестік кезеңдегі трансформациясын ұлттық жады, мәдени тұтастықта анықтау. Зерттеу үш бағытта: туындылардағы баяндау ерекшелігін айқындаудағы нарратологиялық сипатында, прозалық туындылардағы сакральды мекен көріністері хронотоптық аспектіде, мәдени ұғымдардың символдық танымда қолданылуы семиотикалық тұрғыда жүргізілді.

Зерттеу нысаны – ХХІ ғасырдағы қазақ прозасындағы авторлық интерпретацияға негізделген шежіре дәстүрі. Мақалада шежіренің дәстүрлі танымнан көркем мәтінге жаңаша мағынаға, жанрлық сипаты жағынан трансформацияланғаны айқындалады. Әдіснамалық негіз ретінде нарратология, мәдени жад теориясы, мәдени семиотика тұжырымдары басшылыққа алынды.

Библиографические ссылки

Абдикадирова, А.Ж. (2018). Қазақтың ауызша тарихы – ұлт руханияты. Қарағанды университетінің хабаршысы, 2(90), 14-19.

Абдуллина, А. (2024). А.Кемелбаева шығармаларындағы халықтық таным ұлттық код ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы, 1(146), 140-149. https://doiorg/10.32523/2616-678X-2024-146-1-140-149

Абдуллина, А. (2026). Қазіргі қазақ прозасы және автофикшн тәсілі. [Электронды ресурс]. Retrieved January 20, 2026, from https://adebiportal.kz/kz/news/view/anar-abdullina-qazirgi-qazaq-prozasy-zane-avtofiksn-tasili__10001149

Алпысбес, М.А. (2013). Қазақ шежіресі: тарихнамалық-деректанулық зерттеу. Астана: BG-Print.

Андрющенко, О., Орынханова, Г. (2025). Мәдени трансфер нәтижесінде отaрлық және постотарлық қазақстан әдебиетіндегі трансмәдениеттілік. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі, 4(2), 24–37. https://doi.org/10.52301/2957-5567-2025-4-2-24-37

Каженова, Г.Т. (2025). Родоплеменная структура и традиционные институты казахского общества как факторы выживания и социальной устойчивости. Turkic Studies Journal, 4, 66-88.

Кемелбаева, А. (2024). Таңдамалы: әңгімелер, повестер. Астана: Фолиант.

Омаров, Н.Қ. (2021). Тәуелсіздік жылдардағы мемуарлық романдар. Қарағанды: Medet Group ЖШС.

Салтақова, Ж.Т., Қоспағарова, Ә.К. (2022). Қазақ эпостарының шежірелік сипаты. Керуен, 2(75), 184-192.

Сейдімбек, А. (2008). Қазақтың ауызша тарихы. Астана: Фолиант.

Судленкова, О.А. (2019). Вымышленная автобиография Пенелопы Лайвли. Вестник МГЛУ, 1(98), 176-181.

Erll, A. (2011). Locating Family in Cultural Memory Studies. Journal of Comparative Family Studies, 3(42), 303-318.

Halbwachs, M. (1992). On Collective Memory. Chicago: The University of Chicago Press.

Onal, M.N., Saltakova Zh.T. (2019). The Historicity of Kazakh genealogy storytelling. Bulletin of KazNU, 3(175), 38-44.

Sadvokassova, A., Aspan, T. (2025). Shezhire as a

101 | 45

Загрузки

Жарияланды

12.06.2026

Как цитировать

Абдуллина, А. (2026). ПОСТКЕҢЕСТІК ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ГЕНЕОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ЖАНРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі, 5(2), 13–25. https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-2-13-25

Журналдың саны

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ