«МАЛЕФИСЕНТА» ФИЛЬМІНІҢ ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ДУБЛЯЖЫНДАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ БЕЙІМДЕЛУІ: ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-2-107-121

Кілт сөздер:

лингвомәдени бейімделу, аудиовизуалды аударма, дубляждау, доместикация, форенизация, фэнтези жанры

Аңдатпа

Мақала «Малефисента» фильмінің орыс және қазақ дубляжындағы
лингвомәдени бейімделу сапасын эксперименттік тұрғыдан талдауға арналған.
766 респондент қатысқан онлайн-сауалнама көрермендердің дубляж сапасын кешенді түрде бағалайтынын, яғни аударма дәлдігіне, актерлік дыбыстауға, дыбыс тазалығына және сөйлеудің кейіпкерлердің ерін қимылымен синхрондалуына бірдей
дәрежеде назар аударатынын көрсетті. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (84,9%) форенизация стратегиясына басымдық береді және аударма мәтінінде өзге мәдени колорит пен түпнұсқаның прагматикалық әлеуетінің сақталуын оң қабылдайды. Студенттік киноклубтың 50 мүшесінің қатысуымен жүргізілген «Малефисента» фильмінің үзінділерін бағалау салыстырылып отырған дубляждың екі нұсқасының лингвомәдени бейімделу стратегияларында тұрақты айырмашылықтардың бар екенін анықтады

36 | 25

Загрузки

Жарияланды

12.06.2026

Как цитировать

Тухтарова, А., & Жетесова, Ж. (2026). «МАЛЕФИСЕНТА» ФИЛЬМІНІҢ ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ДУБЛЯЖЫНДАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ БЕЙІМДЕЛУІ: ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі, 5(2), 107–121. https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-2-107-121

Журналдың саны

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ