СТУДЕНТТЕРДІҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ҮШІН ГАЗЕТТІ ПАЙДАЛАНУ

Авторлар

  • Гульмира Хамитова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0003-0527-5487
  • Алтынай Әубәкірова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілік, оқу дағдысы, шет тілінен білім беру, түпнұсқалық материал, газет, мұғалім, оқушы.

Аңдатпа

Мақалада ағылшын тілін оқитын студенттердің мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілігін дамытуда газеттің мәдениет туралы білімнің қайнар көзі ретінде маңызы қарастырылады. Бірінші курс студенттерінің Британдық мәдениет туралы білімі деңгейі бойынша ақпарат алу мақсатында бірқатар онлайн сауалнамалар жүргізілді. Оның ішіне ағылшын тілі сабағында қолданылатын түпнұсқалық материал түрлерін анықтауға арналған сауалнама және Британдық мәдениет туралы білімін бағалауға арналған тест кіреді. Білім алушылардың оқу дағдыларын жетілдіру мақсатында сандық форматтағы Британдық «Times» газеті түпнұсқалық материал ретінде таңдап алынды. Тест нәтижелері Британия мәдениеті туралы білімнің түрлі деңгейлерін анықтады және тапсырмалар банкін құруға ықпал етті. Тапсырмалар банкіне топтық дискуссия, жеке тапсырмалар және аналитикалық жаттығулар кіреді. Британдық мәдениеттің түрлі аспектілеріне арналған мақалалар мен оқу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалардың ауқымды қорын оқу үрдісіне енгізу нәтижесінде білім алушылар нақты оқу тәжірибесін жинақтады. Тестілеуден кейінгі нәтижелер студенттердің Британия мәдениеті мен дәстүрі туралы білімін арттыру бойынша тапсырмалардың тиімділігіне көз жетікізеді.

10 | 15

Загрузки

Жарияланды

13.09.2024

Как цитировать

[1]
Хамитова G. and Әубәкірова A. 2024. СТУДЕНТТЕРДІҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ҮШІН ГАЗЕТТІ ПАЙДАЛАНУ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі. 3 (Sep. 2024), 93–103.

Журналдың саны

Бөлім

Тілдерді мен әдебиеттерді оқыту әдістемесі