Қашықтан білім берудегі интерактивтілік маңызы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2023-2-32-39

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада қашықтан білім берудегі, оның ішінде мектепте қашықтан оқытудағы интерактивтілік маңызы қарастырылған. Сонымен бірге интерактивтіліктің дәстүрлі сынып ішінде көрінісі және қашықтан меңгертудегі ерекшеліктері көрсетіледі. Зерттеу барысында интерактивтілік термині диалогқа негізделетіні расталып, негізгі қағидаттары шығарылды. Авторлар білім беру үрдісіндегі инновациялық технологияларға, интерактивтілікті тудыру қиындықтары мен оқыту әдістерінің жағымды жақтарына, сабақты ұйымдастырудағы педагог әрекеттеріне, оқушы мотивациясы мен бағалау принциптеріне тоқталады. Сондай-ақ қашықтықтан оқу тарихына шолу жасалынды.

Интерактивтіліктің тар мағынасы – бұл диалог, ал кең мағынада кез-келген субъектілердің олардың қолы жететін құралдар мен әдістерді қолдануымен жүретін полидиалогы ретінде түсіндіруге болады. Интерактивті оқыту әдістерінің беретін ең тиімді тұстары ретінде оқушылардың креативті ойлау және сыни пікір қалыптастыра білуі, бірін-бірі тыңдап, таңдау еркіне үйренуге, өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру, т.б. көрсетілді.

Зерттеу нәтижесінде интерактивті оқыту технологиялары баланың коммуникативті, тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыратындығы айқындалып, интербелсенділіктің қашықтықтан оқытудың бірінші және ең маңызды факторы екені дәлелденді.

Түйінді сөздер: интерактивтілік, қашықтан оқыту, үрдіс, әдіс, актив және пассив оқыту, диалог, бейнебайланыс, қарым-қатынас, кері байланыс.

56 | 107

Загрузки

Жарияланды

06.04.2023

Как цитировать

[1]
Ерғалиев, Қ. and Мухитов, Қ. 2023. Қашықтан білім берудегі интерактивтілік маңызы. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі. 2 (Apr. 2023), 45–52. DOI:https://doi.org/10.52301/2957-5567-2023-2-32-39.