ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БІРІККЕН АТАУЛАРДЫҢ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ НОРМАЛАНУЫ: ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ АСПЕКТІЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-1-104-113Аңдатпа
Мақалада қазақ тіліндегі біріккен сөздердің орфографиялық нормаларындағы қайшылықтар мен жазылым вариативтілігі талданады. Зерттеу материалы жануар, өсімдік атаулары мен медициналық терминдерді қамтитын 54 лексема негізінде қарастырылды. Салыстырмалы, фонетикалық және құрылымдық-морфологиялық талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде қарастырылған біріккен сөздердің шамамен 30%-ында орфографиялық дереккөздерде бірнеше нұсқаның қатар қолданылатыны анықталды. Дауысты дыбыстардың тіркесуі, үндестік заңының ескерілмеуі және морфологиялық тұтастықтың бұзылуы жазылым тұрақсыздығының негізгі себептері ретінде көрсетілді. Зерттеу нәтижелері біріккен сөздердің жазылуын қазақ тілінің табиғи фонетикалық және жалғамалы жүйесіне негіздеп жүйелеудің ғылыми және практикалық маңызын айқындайды.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2026 Н.Б. Сейсенбек, Т.К. Зайсанбаев

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en