«МАЛЕФИСЕНТА» ФИЛЬМІНІҢ ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ДУБЛЯЖЫНДАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ БЕЙІМДЕЛУІ: ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-2-107-121Кілт сөздер:
лингвомәдени бейімделу, аудиовизуалды аударма, дубляждау, доместикация, форенизация, фэнтези жанрыАңдатпа
Мақала «Малефисента» фильмінің орыс және қазақ дубляжындағы
лингвомәдени бейімделу сапасын эксперименттік тұрғыдан талдауға арналған.
766 респондент қатысқан онлайн-сауалнама көрермендердің дубляж сапасын кешенді түрде бағалайтынын, яғни аударма дәлдігіне, актерлік дыбыстауға, дыбыс тазалығына және сөйлеудің кейіпкерлердің ерін қимылымен синхрондалуына бірдей
дәрежеде назар аударатынын көрсетті. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (84,9%) форенизация стратегиясына басымдық береді және аударма мәтінінде өзге мәдени колорит пен түпнұсқаның прагматикалық әлеуетінің сақталуын оң қабылдайды. Студенттік киноклубтың 50 мүшесінің қатысуымен жүргізілген «Малефисента» фильмінің үзінділерін бағалау салыстырылып отырған дубляждың екі нұсқасының лингвомәдени бейімделу стратегияларында тұрақты айырмашылықтардың бар екенін анықтады
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Бұл CC BY-NC 4.0 (Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License) лицензиясы бойынша берілген мақала. https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en