ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТЫН ДАМЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-3-143-159Кілт сөздер:
қазақ прозасы, автор ұстанымы, эмоционалдық зият, көркем мәтінді талдау, эмпатия, рефлексия.Аңдатпа
Мақалада ХХ ғасырдағы қазақ прозасын оқыту арқылы мектеп оқушыларының эмоционалдық зиятын дамыту мүмкіндіктері қарастырылады. Қазақ әдебиетін оқыту үдерісінде оқу мазмұнын игертудің эмпирикалық бағыты талданып түсіндіріледі. Зерттеудің басты өзектілігі – прозалық көркем мәтіндегі автор ұстанымын айқындауға бағытталған оқыту үдерісі білімгерлердің эмоциялық қабылдауын, эмпатиясын және рефлексиялық ойлауын күшейтеді деген тұжырымға негізделеді.
Зерттеу жұмысы орта мектептегі қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында жасалған эксперименттік нәтижелері бойынша сарапталды. Эмоционалдық зиятты бағалау мақсатында алдын ала және қорытынды өлшеу шаралары қолданылды. Мәтінді талдау барысында кейіпкер психологиясын, оның ішкі қайшылықтарын және авторлық көзқарасты айқындауға басымдық берілді. Сабақ үдерісінде жоғары сынып оқушыларының автор ұстанымын тану, кейіпкердің әрекеті мен эмоциялық күйімен сабақтастыра талдау, мәтін негізінде өзіндік эмоциялық рефлексия жасау дағдылары жүйелі түрде қалыптастырылды. Зерттеу нәтижелері қазақ прозасын, әсіресе психологиялық тереңдігімен ерекшеленетін әдеби туындыларды мақсатты әрі жүйелі оқыту оқушылардың эмоционалдық зият деңгейінің артуына оң ықпал ететінін көрсетті. Мақала мектептерде қазақ әдебиетін оқытуды тек танымдық емес, эмоциялық-құндылық тұрғысын ұйымдастырудың ғылыми-практикалық негізін танытады.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Бұл CC BY-NC 4.0 (Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License) лицензиясы бойынша берілген мақала. https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en