ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ПАРАДИГМА: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН КӨРКЕМ МӘТІНДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2025-4-3-55-66Кілт сөздер:
прагматикалық әдебиет теориясы, көркем мәтін прагматикасы, әдеби коммуникация, мәтін және мағына, прагматикалық талдауАңдатпа
Зерттеудің мақсаты прагматикалық әдебиет теориясының негізгі аспектілерін анықтау және оның қазіргі көркем шығармаларды зерттеудегі қолдану мүмкіндіктерін айқындау.
Әдебиеттану ғылымындағы дәстүрлі теориялық ұстанымдардың трансформациялануы жағдайында жаңа интерпретациялық үлгілерді жасау қажеттілігі алға шығады. Осы тұрғыдан алғанда ХХІ-ғасырдың басында қалыптасқан прагматикалық әдебиет теориясы әдебиетті зерттеудің жаңа әдістемелік негіздерін қарастыру қажеттілігінен туындап отыр.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – көркем мәтінді прагматикалық тұрғыдан талдаудың жаңаша әдіснамалық үлгісі ұсынылып, қазіргі қазақ әдебиетінде прагматикалық парадигманың қолданылу мүмкіндіктері нақты мысал негізінде қарастырылады. Әдеби прагматика, нарратология және рецептивтік эстетика теориялары тоғыстырылып, автор мен оқырман арасындағы көпдеңгейлі коммуникативтік қатынастарды саралауға негізделген интердисциплинарлық әдіс ұсынылды. Сонымен қатар прагматикалық теорияның басты қағидаттары, әдіснамалық негіздері және оны әдебиеттану зерттеулерінде қолдану мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылған. Нәтижесінде қазіргі көркем мәтіннің прагматикалық қырлары коммуникация ерекшеліктерін көрсетіп, автор мен оқырман арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа үлгілерін қалыптастыратыны дәлелденді. Бұл бағыт қазіргі әдебиеттің өзгермелі құрылымын терең түсінуге, жаңа интерпретациялық модельдерді дамытуға және әдеби шығарма мен оқырман арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2025 А. Матаева, А. Алимбаев

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en