ТҮРКІ ТОПОНИМДЕРІ Ғ. МҮСІРЕПОВ ПЕН С. МҰҚАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА: ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАҢЫЗЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-4-63-76

Кілт сөздер:

түркі топонимдері, тарихи-мәдени ақпарат, ұлттық бірегейлік, символ, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік Қазақстан өңірі қаламгерлерінің
шығармаларындағы түркі тілінен енген топонимдердің қолданылуы зерттеледі. Ғ.Мүсірепов пен С. Мұқановтың туындыларында жұмсалған жер-су атауларының мағынасы мен шығу тегі қарастырылады. Мақалада тарихи кезеңдерге шолу жасалып, осы өңірде туып-өскен Ғ. Мүсірепов пен С. Мұқановтың туындыларындағы географиялық атаулардың қолдану тәсілдері талданады. Сонымен қатар, түркі топонимдерінің шығармалардағы символдық және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі айқындалады. Мақала авторлары түркі топонимдері тек географиялық нысандардың атауы ғана емес, сонымен қатар сол аймақтың тарихи және мәдени кодын сақтап қалған символдық белгі екенін көрсетеді. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы «Қаршығалы» және
«Құсмұрын» атауларының семантикалық ерекшеліктері, символикалық мағынасы және мәдени-тарихи мәні талданады. Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» мемуарлық шығармасындағы топонимдердің шығу тарихы жазушы баяндайтын өмір тарихымен сабақтаса байланыстырылады. Топонимдер халықтың тұрмыстіршілігімен тығыз байланыста болып, табиғат пен мәдениеттің өзара байланысын көрсетеді. Жазушылардың стильдік ерекшеліктері, сондай-ақ, елді мекен, жер-су атауларының мәтін контекстіндегі рөлі мен шығу тарихы, мағыналық ерекшелігі талданады. 

Библиографические ссылки

Ахметжанова Г., Мәлікова С., Оспанов К., Тайшыбай З. «Атамекен атаулары». [Мәтін] – Петропавл, 2015. 343 б.

Әбдірахманов А. Қазақ Тіл білімінің антологиясы. Топонимика және этимология. [Мәтін]

– Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2010. 240 б.

Әбсадық А. Қазыналы Құсмұрын құпиясы [Мәтін] // Егемен Қазақстан. Астана:08.10.2020

Әбсадық А. Тайны гидронима Убага [Текст] // Наша газета. Кустанай: 18.11.2023

Бияров Б. Қазақ топонимдерінің типтік үлгілері. [Мәтін] – Алматы, 2013. 460 б.

Жантеміров А. Ауылында бар ағаның қызқарағай [Мәтін] // Солтүстік Қазақстан. 2022. № 28.

Иманбердиева С.Қ., Тайшыбаев З., Мәлікова С.З. [Мәтін] Солтүстік Қазақстан облысы

топонимдері. – Нұр- Сұлтан, 2020. 628 б.

Мұқанов С. Көп томдық шығармалар жинағының бірінші томы. Өмір мектебі. Роман. Бірінші

кітап. [Мәтін] – Алматы: Жазушы, 2002. 464 б.

Нұрғали Р. Қазақтың 100 романы. [Мәтін] – Алматы: Жазушы, 2009. 440 б.

Серебринников В.А. О методах изучения топонимических названий [Текст] // Вопросы языкознания.

Москва, 1959. № 6. С. 36-50.

Ismatova Nodirakhon Makhmudovna A Kokand State Pedagogical Institute, Uzbekistan.

LINGUISTIC STATUS OF TOPONYMS IN SCIENTIFIC LITERATURE ANALYSIS

International Journal of Early Childhood Special Education (INT-JECS)

DOI: 10.48047/INTJECSE/V14I7.312 ISSN: 1308-5581 Vol 14, Issue 07 2022

Heiko Motschenbacher Department of Language, Literature, Mathematics and Interpreting, Western

Norway University of Applied Sciences, Bergen, Norway. Corpus Linguistic Onomastics: A Plea for a 15 Corpus-Based Investigation of Names. NAMES, Vol. 68 No. 2, June 2020, 88–103 https://doi.org/10.1080/00277738.2020.1731240 DOI: 10.1080/00277738.2020.1731240

Marieiev D., Miniailo, R., Martinа, O., Tretyak, N., & Moiseienko, N. (2024). Use of onomastic material in the educational space. Amazonia Investiga, 13(75), 67-79. Volume 13 - Issue 75 / March 2024. https://doi.org/10.34069/AI/2024.75.03.6 DOI: https://doi.org/10.34069/AI/2024.75.03.6

7 | 12

Загрузки

Жарияланды

10.12.2024

Как цитировать

[1]
Таласпаева, Ж. and Ерсаинова, А. 2024. ТҮРКІ ТОПОНИМДЕРІ Ғ. МҮСІРЕПОВ ПЕН С. МҰҚАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА: ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАҢЫЗЫ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі. 4 (Dec. 2024), 63–76. DOI:https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-4-63-76.

Журналдың саны

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ