ҚАЗАҚ БИ- ШЕШЕНДЕРІНІҢ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-1-57-6Кілт сөздер:
ғалам бейнесі, ғаламның тілдік бейнесі, тілдік тұлға, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттануАңдатпа
Мақалада би-шешендер мұраларының жанрлық ерекшеліктері мен ғаламның тілдік бейнесі, қазіргі тіл біліміндегі «тілдік тұлғаны» зерттеуге бағытталған теориялық, әдістемелік тұжырымдары қарастырылады. Қазақ би-шешендер тілін кешенді түрде зерделеп, оның рухани құндылықтары мен дүниеге берген өзіндік бағаларын шамалауға мүмкіндік туғызатын «ғалам бейнесі» байыпталады. Би-шешендер тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік және прагматикалық ерекшеліктерін көрсететін концептілерді, тілдік құралдарды, рухани құндылықтарды көркем дискурс негізінде таныту айқындалады.
Би-шешендер дискурсындағы тілдік көріктеу құралдарының, лингвомәдени бірліктердің мазмұнындағы «ғалам бейнесін» «ұлттық ғалам бейнесімен» сабақтастықта бейнелеудегі ерекшелігі айқындалып, би-шешендер тілдік тұлғасының дискурсындағы «өмір», «өлім» концептілерінің когнитивтік модельдері қарастырылып, олардың би-шешендер тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейін танытатын концептілік өрісіндегі мәні сөз болады.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2024 А. С. Кельмаганбетова, Б. О. Оразова
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en