АНАТОЛИЙ КИМНІҢ ПРОЗАСЫНДА ӨЗ ӨМІРБАЯНЫН ҚОЛДАНУЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СТРАТЕГИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-3-48-64

Кілт сөздер:

Анатолий Ким, өмірбаян, Қазақстанның орыс тілді әдебиеті, автордың мозаикалық бейнесі, интертекстуалдылық, мәдени бірегейлік, көркем проза

Аңдатпа

Мақала қазақстандық-ресейлік жазушы Анатолий Кимнің көркем прозасындағы автобиографиялық стратегияларды анықтауға, жүйелеуге және кешенді талдауға арналған. Автор шығармашылығы философиялық-көркемдік концепция, мәдени және тұлғалық идентичтік мәселелері, сондай-ақ әлемдік әдеби дәстүрмен интертекстуалдық байланыстар тұрғысынан бірнеше рет ғылыми зерттеу нысаны болған. Соған қарамастан, қазіргі әдебиеттануда жазушының автобиографиялық поэтикасын, әсіресе оның кейінгі кезеңдегі романдарындағы автобиографиялық мотивтерді тұтас әрі жүйелі қарастыру жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мақаланың ғылыми жаңалығы мен өзектілігі айқындалады.

Зерттеу барысында Анатолий Ким автобиографизмді өмірбаяндық деректерді тікелей баяндау тәсілі ретінде емес, авторлық «менді» тануға және қайта құруға бағытталған күрделі көркемдік стратегия ретінде қолданатыны анықталды. Бұл стратегия жазушының жеке тәжірибесін тарихи, мәдени, философиялық және рухани контекстермен сабақтастырады. Мақалада салыстырмалы-биографиялық, интертекстуалдық және герменевтикалық талдау әдістері пайдаланылды.

«Белка» романын талдау барысында автор тұлғасының бірнеше қырын бейнелейтін баяндаушы-егіздер жүйесі анықталды. Олар суреткердің суретші, ойшыл, мәдениаралық кеңістікте өмір сүретін корей диаспорасының өкілі ретіндегі болмысын ашады. Авторлық бейне мозаикалық құрылым арқылы беріліп, жеке тағдыр жалпыадамзаттық мәселелермен ұштасады. 

0 | 0

Загрузки

Жарияланды

15.09.2026

Как цитировать

Минайдарова, М., & Байжігіт, Б. (2026). АНАТОЛИЙ КИМНІҢ ПРОЗАСЫНДА ӨЗ ӨМІРБАЯНЫН ҚОЛДАНУЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СТРАТЕГИЯСЫ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі, 5(3), 48–64. https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-3-48-64

Журналдың саны

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ