ҚАЗАҚ ДІЛІНДЕГІ «ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ» ҰҒЫМЫНЫҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-2-64-80

Кілт сөздер:

Қонақжайлық, діл, тіл, тілдік сана, құндылықтар, тілдік бейнелеу, ұлттық болмыс, ұлттық сана-сезім

Аңдатпа

Мақалада қазақ діліндегі «Қонақжайлық» ұғымының тілдік көрінісі қарастырылады. Әрбір тілдің сөздік қорында өз халқына тән ұлттық сипаттағы сөздер болады. Сол сөздердің тілдегі бейнесін анықтау мақсатында «Қонақжайлық» ұғымын алып, тілдік бірліктер арқылы қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтар жүйесіндегі орны мен маңызы айқындалып, оның тілдік көрінісі арқылы ділдің ерекшеліктері көрсетіледі.

 Мақаланың мақсаты – қазақ тіліндегі «Қонақжайлық» ұғымының ұлттық таным арқылы қалай көрініс табатынын тілдік деректер арқылы көрсету. Қонақжайлық – қазақ халқының санасындағы басты моральдық норма. Осыған байланысты «Қонақжайлық» ұғымын ашатын тілдік дерек жинақталып топтастырылды. Аталмыш ұғымның қазіргі қазақ халқының санасындағы бейнесі мен мағынасы ассоциациялық эксперимент арқылы анықталды. Тілдік деректер негізінде қонақжайлықтың ұлттық сипаты мен қазақ діліндегі рөлін айқындау көзделді. Зерттеу материалы ретінде «Қонақжайлық» ұғымына қатысты мақалалар және тілдегі ділдің репрезентациялануы туралы зерттеушілердің еңбектері қарастырылады. Авторлар «Қонақжайлық» ұғымының қазақ халқының ұлттық ұғымында алатын орны маңызды екенін анықтады. Мақала тіл мен ділдің өзара байланысын түсінуге, сондай-ақ ұлттық дүниетанымдағы «Қонақжайлық» ұғымының маңызын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.

31 | 15

Загрузки

Жарияланды

12.06.2026

Как цитировать

Келмағамбетова, Ш., Кенжегалиев, С., & Баймұрынов, Ж. (2026). ҚАЗАҚ ДІЛІНДЕГІ «ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ» ҰҒЫМЫНЫҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ . Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі, 5(2), 64–80. https://doi.org/10.52301/2957-5567-2026-5-2-64-80

Журналдың саны

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ