ҚАЗАҚ ЖӘНЕ МОҢҒОЛ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ БАЯНДАУЫШ ФОРМАЛАРЫНЫҢ КӨРІНІСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52301/2957-5567-2025-4-2-9-23

Кілт сөздер:

салғастырмалы фольклортану, қазақтың батырлық эпосы, моңғолдың батырлық эпосы, баяндауыш, тармақ, тармақтағы буын саны, инверсия

Аңдатпа

Мақалада қазақ және моңғол халықтарының батырлық жырларының синтаксистік құрылымдары, оның ішінде сөйлемді ұйыстыруға басты қызмет атқаратын баяндауыш формалары салыстырылып, талданады.  Аталған халықтардың эпостары көп жағдайда идеялық-тақырыптық және композициялық құрылымы жағынан ұқсас болып келеді. Жалпы түркологияда қазақ ғалымдарының қазақ-моңғол тілдік байланысы және әдебиет саласы бойынша біраз еңбектері мен зерттеулері бар. Бірақ әдеби және фольклорлық шығармаларды тілдік тұрғыдан зерттеу назардан тыс қалып келе жатқан мәселенің бірі. Осы тақырыпқа арналған алғашқы зерттеулердің бірі ретінде аталмыш мақала ұсынылып отыр.

Батырлық жырлардың баяндауыш формаларын салыстыра талдау негізінде жырдың периодтық кезеңінде қолданылатын және ондағы тармақтардың өзіндік ерекшеліктері  анықталады. Жыр тармағындағы буын санының  ырғақ тудыруға және инверсияға әсері туралы байлам жасалады. Бұл график түрінде көрсетіліп, түсініктемелер беріледі.

Қазақ, моңғол халықтарының ғана емес, түркі-моңғол халықтарының ауыз әдебиетін лингвистикалық кеңістікте зерттеу – осы сала мамандарының әлі де болса толыққанды бара алмай жүрген, әлемдік ғалымдардың да қызығушылығын тудыратын тақырыптарының бірі. Болашақ зерттеулерге арқау болатын осындай бағыттар туралы да мәлімет беріледі.  

0 | 0

Загрузки

Жарияланды

15.06.2025

Как цитировать

Әбдікәрім, Н., & Төкенқызы, Г. (2025). ҚАЗАҚ ЖӘНЕ МОҢҒОЛ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ БАЯНДАУЫШ ФОРМАЛАРЫНЫҢ КӨРІНІСІ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі, 4(2), 9–23. https://doi.org/10.52301/2957-5567-2025-4-2-9-23

Журналдың саны

Бөлім

ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ