КОГНИТИВТІ ЛИНГВИСТИКА: SCOPUS-ТАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52301/2957-5567-2024-3-4-30-49Кілт сөздер:
когнитивтілік, лингвистика, тілдік әртүрлілік, лингвистикалық сараптау, көпсалалылық, семантикалық талдау, ScopusАңдатпа
Мақалада тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі – когнитивті лингвистика саласына қатысты ғылыми еңбектерге талдау жасалған. 2000 жылдан 2023 жылға дейін Scopus дерекқорындағы жарияланымдар санының артуы ұсынылған тақырыптың өзектілігін растайды. Зерттеудің мақсаты 4650 ғылыми мақаланы жүйелі шолу негізінде когнитивті лингвистика саласындағы үрдістер мен бағыттарды талдау болып табылады. Зерттеу әдістемесі басылымдардың өсу динамикасын, сондай-ақ географиялық және салалық үлестіруді анықтау үшін SPSS көмегімен деректерді жинау мен талдауды қамтиды.
Теориялық маңыздылығы тілдің когнитивті аспектілері туралы білімді кеңейту және осы саланың көпсалалы сипатын қалыптастыру болып табылады. Практикалық маңыздылығы инклюзивті тілдік тәжірибелерді дамытуға және лингвистикадағы когнитивтік мәселелер туралы тереңірек білім қалыптастыруға қосқан үлесі арқылы көрінеді.
Зерттеудің нəтижелері жалпы тіл білімі, кοгнитивті лингвиϲтика, прагмалингвиϲтика, кοммуникативті грамматика, функциοналды ϲтилиϲтика және т.б. салалардың дамуына үлеϲ қοϲады. Зерттеу қорытындылары осы саладағы жарияланым белсенділігінің айтарлықтай артқандығын дәлелдеп, лингвистикадағы когнитивтік зерттеулерге жаһандық және көпсалалы қызығушылықты айқын көрсетті.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2024 С.Ж. Жанжигитов
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/deed.en