Сан негізді этнографизмдердің семантикалық ерекшелігі

Авторлар

Кілт сөздер:

этнографиялық атаулар, сан есім, этномəдени жүйе, күрделі сөз, семантика

Аңдатпа

Белгілі бір халықтың салт-дəстүрі мен əдет-ғұрпы, наным-сенімі мен
жөн-жоралғысы, айналысқан кəсібі мен шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі мен жалпы қоршаған ортаға деген көзқарасы көрініс табатын сан негізді туынды сөздер мен
тұрақты тіркестер қазақ тіл білімінде лексикологиялық, сөзжасамдық, морфологиялық,
этимологиялық т.б. бағытта сипатталғанымен, арнайы этнолингвистикалық тұрғыда
зерделеніп, мəн-мағынасымен сыр-сипаты ашылыпқарастырылған жоқ. Мақалада сан
есім арқылы жасалған мыңнан аса тілдік бірлік жинақталып, лексика-семантикалық
ерекшелігіне қарай топтастырылып, этномəдени қырдан барынша түбегейлі талдауға
түседі. Оны жүзеге асыруда теориялық материалды жинау жəне контекстік талдау əдістері,жалпылау, сипаттау жəне деректерді өңдеу əдістері негізге алынады.
Соның нəтижесінде этнолексемалар уақытқа қатысты, туыстық қатынасқа байланысты, денсаулыққа қатысты, қару-жараққа байланысты, тұрмыс-тіршілікке, затқа,
салт-дəстүрге қатысты, наным-сенімге орай, өлшем-мөлшер, қашықтық ұғымдарына
қатысты жəне адамға, оның іс-əрекетіне, көңіл күйіне байланысты этнографизмдер деп
сегіз топқа жіктеліп сараланады, білдіретін мазмұны тілдік деректер келтіріле отыра
ашылып зерттеледі.

Автор өмірбаяндары

А. Сұраған, Павлодар педагогикалық университеті

2-курс магистранты

Қ. Ерғалиев, Павлодар педагогикалық университеті

филология ғылымдарының кандидаты, профессор

165 | 154

Загрузки

Жарияланды

20.04.2022

Как цитировать

[1]
Сұраған, А. and Ерғалиев, Қ. 2022. Сан негізді этнографизмдердің семантикалық ерекшелігі. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі. 1 (Apr. 2022), 8–18.