ИНТЕРНЕТ-МЕМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

Кілт сөздер:

интернет кеңістігі, интернет-мем, креолды мәтін, интернет-коммуникация, интермәтінділік

Аңдатпа

Мақалада соңғы кезде әлеуметтік желіде кеңінен тараған интернет-коммуникация құралдарының бірі – интернет-мем талданады. Интернет-мем дегеніміз – желі пайдаланушыларының шығармашылық туындысы болып табылатын, онлайн қауымдастыққа белгілі бір астарлы мағынаны ұсынатын, тілдік (вербалды) және визуалды (графикалық) сынды қосдеңгейлі құрылымнан тұратын бірегей коммуникативтік бірлік. Жұмыста оның пайда болу, даму жолы сипатталып, ғылыми еңбектерде қалыптасқан ой-тұжырымдар сараланады. Интернет-мемдердің медиатабиғатын қарастыратын және оларды желілік хабарламалардың басқа түрлерінен ажырататын ерекшеліктері зерделеніп, жылдам таралу мен танымал болу үрдісіне әсер ететін факторлары айқындалады. Ол оның сапасына, бәсекеге қабілеттілігіне байланысты болатыны көрсетіледі. Алайда мұндай интернет-мемді жасау үшін автор тарапынан көп күш жұмсалатыны анық: интернет-мем креативті, қызықты, ал оның идеясы тың әрі көкейкесті болу қажет. Осыған орай кей мемдер желіде ұзақ уақыт «өмір сүреді», екіншілері келесі күні ұмытылады, ал үшіншілері тіпті елеусіз қалса, төртіншілері қандай да бір пайдаланушының кездейсоқ назарының арқасында кенеттен «қайта жанданады» деп тұжырымдалады.

Загрузки

Жарияланды

05.03.2024

Как цитировать

Ерғалиев, Қ. С., & Сеитова, Н. С. (2024). ИНТЕРНЕТ-МЕМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі, (1), 62–72. Retrieved from https://yazlit.ppu.edu.kz/index.php/new/article/view/185