Авторларға арналған нұсқаулар

Авторларға арналған нұсқаулар

  1. Мақаланы жариялауға өтініш беру үшін https://yazlit.ppu.edu.kz/ журналының сайтында тіркеуден өту қажет.
    Одан кейін мәтін өрістерін толтырыңыз.
    Мақаланың 2 файлын doc/docx (MS Word) форматында тіркеңіз.

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші файлда автор(-лар)дың толық деректері көрсетілуі тиіс, файлды автор(-лар)дың тегімен атаңыз. Екінші файл анонимді болуы керек, яғни автор(-лар)дың деректері көрсетілмейді, анонимді файлды «Анонимді мақала» деп атаңыз.

    ЕСКЕРТУ: журналда авторлар саны 2-ден көп мақалалар қабылданбайды.

    Одан кейін жария офертаға қол қою қажет – ол ұсынылған қолжазбаның дербес сипатына келісім, мақаланы плагиатқа тексеруге келісім және баспаға айрықша құқықтарды беру туралы келісім болып табылады.

    Енгізілген деректерді тексеріп, «Жіберу» батырмасын басыңыз.

    Мақаланы қарастыру кезеңдері мен нәтижелері сіздің жеке кабинетіңізде көрсетіледі.
  1. Мақаланың көлемі барлық метадеректермен қоса (аннотациялар, дереккөздер тізімі, автор(лар) туралы мәліметтер) кемінде 15 мың таңба (бос орындарымен бірге) болуы тиіс және 35 мың таңбадан (бос орындарымен бірге) аспауы қажет. Көрсетілген көлемнен асатын жұмыстар журналдың редакциялық алқасымен келісім бойынша ерекше жағдайларда ғана жариялануға қабылданады.

  2. Жұмыс мәтіні ҒТАХР рубрикаторынан (Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы; http://grnti.ru/ сілтемесі бойынша анықталады), ӘОK (әмбебап ондық код) басталады, одан кейін жартылай қалың қаріппен автор(-лар)дың инициалдары мен тегі, ұйымның толық атауы, қала, ел, автордың ORCID нөмірі, автор(-лар)дың e-mail мекенжайы, мақаланың атауы бас әріптермен жартылай қалың қаріппен беріледі. Бұдан кейін аннотация мен түйінді сөздер орналастырылады. Аннотация 150–200 сөзден тұруы тиіс, күрделі формулаларды қамтымауы керек, мақала мазмұны мен атауын қайталамауы тиіс, дәйексөздер, жұмыс мәтініне сілтемелер мен пайдаланылған дереккөздер тізімін енгізбеуі қажет. Ол зерттеу нәтижелері мен қорытындыларының қысқаша мазмұны болуы тиіс.

    Мақала Times New Roman қарпімен 12 өлшемде, 1,5 интервал арқылы теріледі, барлық жақтарынан өрістер 2 см, абзацтың шегінісі – 1,25 см болуы тиіс. Мақаладағы мысалдар тек қиғаш қаріппен белгіленеді, асты сызылмайды. Қажет болған жағдайда мысалдың ішінде жартылай қалың қаріп қолдануға рұқсат етіледі. Бөлімдердің тақырыптары жартылай қалың қаріппен ерекшеленеді. Бөлімдердің ішінде ішкі бөлімдерге араб цифрларымен нөмірлеу жасауға болады.
  1. Ғылыми мақаланың құрылымы мына бөлімдерді қамтиды: Кіріспе, Материалдар мен әдістер, Нәтижелер, Талқылау, Қорытынды, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болған жағдайда), Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. «Нәтижелер» және «Талқылау» бөлімдерін біріктіріп, «Нәтижелер мен талқылау» атты бір бөлім ретінде беру рұқсат етіледі.

  2. Кестелер жұмыстың мәтініне тікелей енгізіледі, олар нөмірленіп, атауы болуы тиіс және мәтін ішінде оларға сілтеме жасалуы қажет. Суреттер мен графиктер стандартты форматтардың бірінде ұсынылуы керек: PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PCX. Нүктелік суреттерді 600 dpi ажыратымдылығымен орындау қажет. Суреттерде барлық бөлшектер айқын көрінуі тиіс.

  3. Пайдаланылған дереккөздерге сілтемелер мақала мәтінінде дөңгелек жақшада келесі түрде беріледі: (Ахметов, 2020, с. 23) немесе (Ибраев, 2018). Бірнеше дереккөз көрсетілген жағдайда: (Ибраев, 2018; Ахметов, 2020; Иванов, 2022). Егер бір автордың еңбектерінің жариялану жылы сәйкес келсе, сілтеме әріптік таңбамен беріледі: (Ибраев, 2018а), (Ибраев, 2018б).

    Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне тек мақала мәтінінде сілтеме жасалған еңбектер ғана енгізілуі тиіс. Әдебиеттер тізімі әліпби ретімен, нөмірленбей беріледі. Ағылшын тіліндегі еңбектер қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстардан кейін, сондай-ақ әліпби ретімен орналастырылады. Жарияланбаған еңбектерге, олардың нәтижелеріне сілтеме жасауға рұқсат етілмейді. Әдебиеттер тізіміне соңғы 5 жылда жарияланған кемінде 4 ағылшынтілді еңбек міндетті түрде енгізілуі қажет, олардың Scopus немесе Web of Sciences базасынан алынғаны құпталады.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгілері журнал сайтындағы «Мақала үлгісінде» берілген.

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Редакция авторлардан дефис (-) пен сызықшаны (–) ажыратуды өтінеді. Журналдағы мақала беттерінің шекараларын, жинақтардағы бет аралықтарын, жылдар мен ғасырлар аралықтарын көрсету үшін сызықша қолданылады.
  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін қазақ немесе орыс тілінде (мақаланың тіліне байланысты) References бөлімін беру қажет. Бұл бөлім пайдаланылған әдебиеттердің транслитерацияланған (https://translate.google.com/) және ағылшын тіліндегі бөліктерінің комбинациясынан тұрады, APA (Американдық психологиялық қауымдастықтың) стиліне сәйкес рәсімделеді: https://apastyle.apa.org/products/publication-manual-7th-edition, https://apastyle.apa.org/style-grammar-guidelines. References бөліміндегі транслитерацияланған және ағылшын тіліндегі комбинацияда мақаланың немесе кітаптың ресми ағылшын тіліндегі аудармасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс, ол төртбұрышты жақшада беріледі. Егер мақала ағылшын тілінде жазылса, онда References бөлімінен кейін Пайдаланылған әдебиеттер тізімі қазақ және орыс тілдерінде беріледі (дереккөздің тіліне байланысты). Авторлар міндетті түрде (https://translate.google.com/) сайтында көрсетілген транслитерацияны қолдануы тиіс. Басқа транслитерация жүйелері қабылданбайды, мұндай жағдайда мақалалар авторларға қайтарылады. Ағылшын тіліндегі және транслитерацияланған бөліктердің комбинация үлгісі «Мақалаларды рәсімдеу үлгісінде» көрсетілген.

    Одан кейін әрбір автор туралы мәліметтер (ғылыми атағы, қызметтік мекенжайы, ORCID, e-mail – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) беріледі.
  1. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жауапты авторлардан қолжазбаға бірлескен авторлық үлесін CRediT рөлдерін қолдана отырып көрсетуі сұралады. CRediT таксономиясы ғылыми нәтижелерге әр қатысушының нақты үлесін сипаттайтын 14 түрлі рөлді қамтиды.

    Рөлдер: Тұжырымдама; Деректерге жетекшілік ету; Формалды талдау; Қаржыландыруды сатып алу; Тексеру; Әдіснама; Жобаны әкімшілендіру; Ресурстар; Бағдарламалық қамтамасыз ету; Қадағалау; Тексеру; Визуалдау; Жазу – бастапқы жоба; және Жазу – шолу және редакциялау.

    Әр қолжазбаға барлық рөлдерді қолдануға болмайтынын және авторлар бірнеше рөлді орындау арқылы өз үлестерін қоса алатынын ескеріңіз.

    Бірлескен авторлардың үлестерінің сипаттамасы мақаланың соңында «Автор туралы ақпарат» дегеннен кейін «Авторлық үлестер» деген тақырыпта берілген.
  1. Мақалаларды сараптамадан өткізу тәртібі
    Редакцияға келіп түскен мақалалар бірінші кезеңде осы Нұсқауда және сайттағы «Мақала үлгісінде» баяндалған талаптарға мақаланы ресімдеудің сәйкестігіне бастапқы техникалық бақылаудан міндетті түрде өтеді. Мақаланы ресімдеу журналдың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мақала қабылданбайды. Авторларға еске саламыз: мақаланы рәсімдеу – автор(-лар)дың міндеті, ал редакция тек қажетті талаптар жөнінде толық ақпарат пен мақала рәсімдеу үлгісін ұсынады және алғашқы техникалық бақылауды жүзеге асырады. Егер автор(-лар) бастапқы техникалық бақылаудан 3 рет өте алмаса, мақала түпкілікті қабылданбайды және журналда қайта қарауға жіберілмейді.

    Екінші кезеңде мақалалар міндетті түрде antiplagiat.com (https://antiplagiat.com/) сайтында тексерістен өтеді, мақала түпнұсқалығының пайызы кемінде 70 % болуы тиіс.

    Бастапқы техникалық бақылаудан және плагиатқа тексеруден өткен мақалалар анонимді қосарланған «соқыр» рецензиялауға жіберіледі. Рецензиялау мерзімі 2 айдан 6 айға дейін созылады. Автор(-лар) рецензия нәтижелері туралы жеке кабинетінде хабардар етіледі. Теріс рецензия алған мақалалар қайта қарауға қабылданбайды.

    Түзетілген нұсқалары бар мақалалар мен автордың рецензентке жауабы редакция көрсеткен мерзімде сайттағы автордың жеке кабинеті арқылы жіберіледі. Оң рецензия алған мақалалар журнал редакциясына талқылауға ұсынылады.

    Мақалаларды сараптау кезеңдерінің өту процесі ашық сипатта жүргізіледі, автор оны журнал сайтындағы жеке кабинетінде бақылап отыра алады және сол арқылы редакциямен байланыс жасайды.

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Редакция мақалалардың рәсімделуі, мазмұны және оларды жариялау туралы шешім бойынша авторлармен пікірталасқа түспейді.