Біз туралы

«Тіл және әдебиет: теориясы мен тәжірибесі» журналы 2022 жылы құрылған. Оны құрудың мақсаты тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерін теориялық және қолданбалы аспектілерде жариялау, сондай-ақ қазақстандық ғалым-филологтардың жаңа жетістіктерін танымал ету болып табылады. Журналдың қолданбалы бағыты мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын және т.б.) және әдебиетті оқытудың әртүрлі проблемаларына, мәдениетаралық коммуникация мен жалпы тілдік қарым-қатынас проблемасына басым назар аударуда көрініс табады. Сондықтан журнал тек ғылыми қоғамдастыққа ғана емес, сонымен қатар мұғалімдер ортасына да бағытталған.  Жариялау тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

Журналдағы мақалалар «соқыр» рецензиялаудан және плагиатқа қарсы тексеруден өтеді.